Жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады – Руслан Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектор жұмыскерлерін қысқарту аясында 2020 жылы олардың саны 10, келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарады. Кәсіпкерлікті қолдау аясында мемлекет пен квазимемлекеттік сектордағы жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау төлемақысын есептеу жыл соңына дейін тоқтатыла тұрады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен шығару үшін 2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады.

«Жолдауды тиімді іске асыру үшін министрлік жобалық тәсілді қолданады. Көрсетілген шаралардың сапалы, жедел және ашық іске асырылуы қамтамасыз етілетін болады», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар