Жекешелендіру қаржысы тікелей Ұлттық қорға аударылуы керек - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекешелендіру қаржысы болашақ ұрпақ үшін тікелей Ұлттық қорға аударылуы керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктер, министрліктер, ұлттық компаниялар жекешелендіруге қатысты тұрақты түрде тізімді қайта қарау мен мерзімді кейінге шегеру туралы өтінішхат жасауда. Жекешелендіру жоспарынан 127 нысан шығарылған, оның ішінде 2019 жылы 20 нысан болған. Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері ведомстволық қарамағына қарамастан, жекешелендірудің барлықа процесінің нақты мониторингі мен бақылауын ретке келтіруі тиіс. Жекешелендіру тізімін кеңейту керек», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда, Қ. Тоқаев жекешелендіру қадамдары әділ әрі ашық жүргізілуі қажеттігін қадап айтты.

«Активтерді жекешелендіруден түскен қаржы болашақ ұрпақ үшін тікелей Ұлттық қорға бағытталуы керек. Сонымен қатар, Ұлттық қор қызметтерін қайталуға жол берілмеуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Ұлттық қорға балама болатын қосымша институттарды құруға рұқсат берілмейтінін айтты.






Соңғы жаңалықтар