Жекелешендіру: 13,6 млрд теңгеге 19 нысан сатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанында жекешелендіру жоспары аясында13,6 млрд теңгеге 19 нысан сатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 674 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 13,6 млрд теңгеге 19 нысан сатылды сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысы барысында.

Оның атап өтуінше, 9 нысан сатылымға қойылды. Бес нысан таратылуға жіберілді.

«Алдағы уақытта 641 нысанды сату керек», - деді Қаржы министрі.


Соңғы жаңалықтар