Жедел тест арқылы алматылықтарды тексеру басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматыға 55 мыңнан астам жедел тест жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі күні мегополисте жедел тест жеткілікті.

«Кеше Денсаулық сақтау министрлігі Алматыға 55 мыңнан астам жедел тест жеткізді. Нәтижиесінде 813 адам ПЦР тестілеуінен өтті. Олар ҚР Ұлттық гвардиясы, құқық қорғау органдары мен блокбекеттерде жұмыс істеп жатқан адамдар. Сонымен қатар, ЖРВИ анықталып, ем қабылдап жатқандарды да тестпен тексеріп жатырмыз»,- дейді Айзат Молдақасымова.


Соңғы жаңалықтар