Жазушы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды. Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан жазушылар одағы растады.

«Ұлымен сөйлестім. Жазушының таңға жуық жүрегі тоқтапты. Өзім осыдан үш күн бұрын телефон арқылы сөйлескен едім. Қалқамандағы ауруханада жатқан»,-деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет ҚазАқпарат тілшісіне.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

1954 жылы Қабдеш Жұмаділовтің Үрімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің ІІ-курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. Осы студент шағында «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылып шықты.

«Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағының авторы.


Соңғы жаңалықтар