Жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер онлайн-білім алуға көшті
«Алматы қалалық ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінің мектебі кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерге арналған еліміздегі жалғыз оқшауланған оқу орны саналады. №3 балалар калониясының жалпы білім беру мектебінде оқып жатқан жазасын өтеуші кәмелетке толмағандар үшін осы жылдың 6 сәуірінен бастап «Balapan« және «Elarna« телеарналары арқылы онлайн-форматта сабақ өте бастады», - деп атап өтеді департаменттен.
Аталған жүйемен балалардың сапалы білім алуын отряд бастықтары мен тәрбиеші-мамандар бақылау жүргізеді. Сонымен қатар колония оқытушылары, сынып жетекішлері қашықтан оқыту жағдайында оқушылармен кері байланысты да жүзеге асырып отыр.
«2019-2020 оқу жылының басында, 1 қыркүйекте 53 оқушы білім алатын 6 сынып жасақталды. Оның ішінде 28 оқушы мемлекеттік тілде, 25 оқушы орыс тілінде білім алады. Бұл мектеп Алматы қалалық Білім басқармасы бекіткен оқу бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады», -дейді ведомстводан.