Жайықта балықтың қырылуы: «Атырау су арнасы» жұмысын тоқтатты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жайықта балықтың қырылуына себепкер болған «Атырау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекемеге сілтеме жасап.

«Кәсіпорын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметін көрсетпейді. Бұл қызметтер «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына беріледі. Осы күннен бастап сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметін көрсету жөніндегі келісімшарт бұзылып, «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорнымен қайта жасалады. Осыған байланысты келісімшартты мақұлдап, өзекті ақпарат ұсынуды өтінеміз. Ал коммуналдық қызметтің ақысын 1 қаңтардан бастап аталмыш кәсіпорынға төлейсіздер» делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында Жайық өзенінде балық жаппай қырыла бастады. Жайық-Атырау бекіре зауыты бекіре тұқымдас балықтардың жартысын жоғалтты. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің тауарлы бекіре өсіретін балық зауытында 101 тонна балық өлген. Жалпы 110 тонна балық қырылды. Жайықтағы популяция әлі күнге дейін қалпына келмеді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына кінәлі тарапқа үкім шықты. Айыпталушылар қатарында қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Атырау су арнасы» КМК бұрынғы басшылары бар.

Соңғы жаңалықтар