Жайықта автокөлік мұз астына түсіп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Жайық өзенінде «Фольксваген Шаран» автокөлігі мұздың астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 ақпан күні Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұсында орын алды.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының күшімен (4 қызметкер) 1997 жылғы аталмыш автокөлік 20 ақпан күні сағат 17.15-те судан шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар