«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы Елбасын ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясының қатысушылары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ұлықтау салтанатты рәсіміне байланысты құттықтау жолдады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясының қатысушылары атынан Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кірісуіңізбен құттықтаймыз!

Ұлықтау салтанатты рәсімінде сіздің сөйлеген сөзіңіз ерекше рух сыйлады. Біз айтылған негізгі ережелерді қолдаймыз және оларды іске асыруда өз үлесімізді қосуға әзірміз.

Сіз бастамашылық еткен реформалар, шындығында, бұқаралық сипатта. Сондықтан мұны қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту жолының нақты қадамдары деп түсінеміз.

Қазіргі уақытта, әлемде көп бағытты заманауи үлгілер қалыптасып жатқан жағдайда, Сіз қазақстандық қоғамның экономикалық, саяси, мәдени саласын жаңғыртуды ұсындыңыз.

Бұл елге өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша ғана көшбасшы болып қалмай, сонымен бірге өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Азаматтық қоғамның рөлін, шешім қабылдау үрдісінің ашықтығын, қоғамда өзін-өзі реттеуді дамытуды арттыру бойынша бастамаңыздың маңызы зор деп санаймыз.

Қазақстанның кадрлық әлеуетін дамыту үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасының тиімді іске асырылуы зор үлес қосады деп санаймыз», - делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар