«Жасыл аймақта» балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 күн «жасыл» аймақта болған өңірлерде цирктердің, бильярд клубтары мен балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды.

Отырыс барысында 7 күн бойы «жасыл аймақта» тұрған өңірлерде биылғы жылдың 1 наурызынан бастап толымдылығы 30%-дан аспаса, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне, спорттық іс-шаралардың өткізілуіне (30%-ға дейін), жұма намазын оқуға (30%-ға дейін) және ас беру рәсімін өткізуге (30%-ға дейін, 50 адамнан артық емес) болатыны айтылды.



Соңғы жаңалықтар