Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қосу жолымен екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және синдикатталған қарыздар арқылы ауыл шаруашылығы секторына кредит беру мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған Сапархан Омаров.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды кеңейту және жастар үшін ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

«Сондай-ақ, барлық агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылатын болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар