Жастарды патриоттығы мен белсенділігі үшін марапаттайтын ұйым белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14-29 жас аралығындағы жастарды патриоттығы мен белсенділігі үшін марапаттайтын ұйым анықталды. Бұл - Тұңғыш Президент қоры. Ол жөнінде Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. ҚазАқпарат қаулының толық мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №248 Қаулысы

Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Соңғы жаңалықтар