Жастарды белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен балалар мен жастарды белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілді. ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 Қаулысы

Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Асқар Мамин


Соңғы жаңалықтар