Жастар арасындағы мәселелерді тиімді шешуге ерекше мән беру керек - депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі қаңтар оқиғасы жастар арасында шұғыл шешімді қажет ететін проблема бар екенін көрсетті. Бұл туралы «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында Мәжіліс депутаты Вера Ким айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар оқиғасына байланысты мәселелерді айналып өтуге болмайды. Атап айтқанда, қаңтар оқиғасы қазіргі кезде жастар арасында шұғыл шешімді қажет ететін проблемалар бар екенін айқын көрсетті. Бұл мәселеде мемлекеттік органдар, мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ бағдарламалардың белгілі бір түрлері кей жағдайда шапшаң болмай жататынын түсінеміз. Осыған байланысты барынша икемді болып, жастар мәселесін шешу жолында тиісті қажеттіліктерге сәйкес, аталған бағдарламаларды қаншалықты қажетті әрі тиімді екенін пысықтау керек», - деді В. Ким «NEET санатындағы жастар: әлеуметтену мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен отырыста.

Осы орайда депутат нақты мысалдарға жеке тоқаталып өтті.

«Егер жастардың біліктілігін көтеруге тоқталсақ, бізде даярланған стандартты бағдарламалар бар. Олар бойынша жаңа мамандық беру, қосымша оқыту жүріп жатыр. Бұл ретте жыл сайын қандай да бір талдауды, зерттеуді жүргізу керек болар. Яғни, «бұл кәсіптер мен мамандықтар керек пе, жастардың арасынан қай бөлігі жұмысқа орналасты» деген сауалдарға жауап берілуі керек. Атап айтқанда, тиісті мамандықтар бойынша оқыған жастар жұмысқа орналаса алмаса, өңірлерде басқа бағытта оқытуға, біліктілікті сұранысқа ие кәсіптер бойынша арттыру керек екенін ескерген жөн», - деді Мәжіліс депутаты.


Соңғы жаңалықтар