Жастар арасындағы ӘЧ:Қазақстандық боксшы қола еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Айдар Қадырхан бокстан Дубайда (БАӘ) Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қадырхан 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер турнирінің (2005-2006 жж.) жартылай финалында үндістандық Рохит Чамолимен кездесіп, судьялардың шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Айдар Қадырхан жасөспірімдер біріншілігінің финалына шыға алмай, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, турнир басталғанда Қадырхан өзбекстандық Абдурасул Абдурасуловты жеңген еді.

Дубайда жасөспірімдер турнирімен қоса жастар арасындағы жарыс та өтіп жатыр. Мұнда да қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде бәсекеге түсуде.


Соңғы жаңалықтар