Жастар арасында бокстан ел чемпионаты өз мәресіне жетті

None
None
АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 4-інде Алматыда басталған жастар арасында бокстан ел чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған тартысты бәсекелердің нәтижесінде ел чемпиондары анықталды.

Сонымен, 44 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қарағандылық Табысхан Тұрмағанбетов, 46 келіде жамбылдық Әлішер Жұматаев, 48 келіде қарағандылық Сергей Макарихин, 50 келіде алматылық Айдар Иманғалиев, 52 келіде қызылордалық Ақылбек Жоламанов, 54 келіде маңғыстаулық Арман Құлов, 57 келіде оңтүстікқазақстандық Ақмадияр Исақ, 60 келіде оның жерлесі Әділет Әлібек, 63 келіде жамбылдық Айтжан Шлеев, 66 келіде астаналық Роман Жайлауов, 70 келіде қызылордалық Тұрсынбай Құлахметов, 75 келіде оңтүстікқазақстандық Дінислам Әбдешев, 80 келіде Алматы облысынан Айтас Тойбаев, 80 келіден жоғарыда павлодарлық Темірлан Бақтыбаев жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар