Жәрмеңке: Ақмолалықтар елордаға 520 тоннадан астам азық-түлік жеткізеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 19-20 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені алдындағы алаңда ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 185,3 миллион теңгенің 520 тоннадан астам азық-түлік өнімдері саудаға шығарылады. Оның ішінде 75 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, 330 мың дана жұмыртқа, 28,1 тонна сүт және сүт өнімдері, 4,3 тонна балық, 20 тонна ұн, 41,3 тонна көкөніс және өзге де ауыл шаруашылық өнімдері жеткізіледі деп жоспарланған.

«Жәрмеңкеде 50-ден астам азық-түлік түрін базар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылады. Отандық тауарларды 2 қала мен 17 аудандағы кәсіпорындар ұсынады. Олардың арасында «Гормолзавод» ЖШС, «Садовое» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Родина» агрофирмасы» ЖШС, «Ижевский» өндірістік кооперативі» ЖШС, «Бижан» ет өңдеу кәсіпорын» ЖШС, «Краснояр шұжығы» ЖШС, «Айбат» ЖШС, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Капитал Проджект» ЖШС бар. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілер үшін Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары мерекелік бағдарлама ұйымдастырады», - дейді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар