Жаркентте коронавирусқа байланысты дайындалған орындар ауысатын болды - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында коронавирусқа байланысты дайындалған жатаханалардағы орындар басқа жерге ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің басталуы және инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау негізінде, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарының шешіміне сәйкес 2020 жылдың 20 ақпаннан бастап Қытай Халық Республикасынан келген адамдар 14 күн бойы арнайы стационарда оқшауланады.

Осыған қарай Жаркент қаласында арнайы 100 орын дайындалуда. Бұған дейін Жаркент гуманитарлық жоғары колледжі мен Жаркент көп салалы колледждерінің жатақханаларында қарастырырылған орындар басқа жерге ауыстырылатын болады. Аталған орындар оқу орындарынан басқа тұрғындармен қарым-қатынаста болмайтын жерде қарастырылады»,- делінген Панфилов ауданының әкімдігінің ресми таратқан хабарламасында.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа орындар барлық санитарлық талапқа сай болады.

«Осыған қарай тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ. Бұл алдын ала атқарылып жатқан тұрғындардың денсаулығы үшін жасалып жатқан әрекет. Өйткені бұл вирусты жұқтырған адамнан бірден ешқандай сырқат белгілері байқалмауы мүмкін. Коронавирустың ағзадағы жасырын кезеңі 14 күннен 24 күнге дейін созылу фактісі анықталған. Сондықтан тұрғындардыңдың алаңдауына негіз жоқ және жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз»,-делінген Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар