Жаркентте Абайдың ұлағатын ұғындырған шара өтті

None
None
ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат – Жаркентте Абайдың 175 жылдығына «Абай тағылымы және ұрпақ тәрбиесі» атты тақырыпта онлайн шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлы Абайдың білім мен ғылымға, өнер мен еңбекке үндеген ақыл-өсиетке толы жырлары мен қара сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткен бұл вебинарды Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық қолледжінің директоры Б. Сауранбаева кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Үш бағыт бойынша өткен шараның «Абай мұраларының педагогикалық құндылығы» атты біріншісінде колледж директорының ғылыми әдістемелік істер жөніндегі орынбасары К. Б. Құрабалдиева мен колледждегі қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі, «Абайтану» үйірмесінің жетекшісі Р. Қожабергенова, ал, «Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы» екінші бағыты бойынша Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты С.Қ. Қожағұлов, осы жоғарғы оқу орнының доктаранттары М.Б.Тұманбаева мен Е.Совет, «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты үшінші бағыт бойынша абайтанушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұхамедқалиқызы, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы тағылымы терең сөз сөйлеп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында колледж студенттері ұлы ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып, әсем әндерін асқақтата шырқады.


Соңғы жаңалықтар