Жапониядағы аукционда көк тунец 634 мың долларға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда биылғы алғашқы балық аукционында 212 келі көк тунец сатылды, деп хабарлайды "Россия 24" телеарнасы. 

Басты лот 634 мың долларға бағаланды. Оны Тынық мұхитынан аулаған. Суши дайындайтын ірі мейрамханалар желісінің иегері Киёси Кимура төрт жыл бойы қатарынан оларды сатып алып келеді. Ол Токиодағы балық саудасының белгілі ойыншысы. Оның айтуынша, балық қымбатқа түскен, алайда оны сатып алғанына өте қуанышты. Еске сала кетсек, 2013 жылы аукционда рекорд орнады - 222 келілік көк тунец бір миллион жеті жүз елу мың долларға сатылды. 

Соңғы жаңалықтар