Жапонияда сұрапыл дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 67-ге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияда «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқандар саны 67-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

200-ден астам адам жарақат алған, тағы 10 шақты адам хабар-ошарсыз кеткен.

«Хагибис» тайфуны күншығыс еліне өткен демалыс күндері жеткен еді. Кей өңірлерде екі күн ішінде жауын-шашынның екі айлық мөлшері жауған. 37 өзенге құрылған бөгендердің 52-сін су шайып кетті. Жалпы, 16 префектурадағы 161 өзен арнасынан тасыған. Соның салдарынан тұрғын алаптары су астында қалды. Әсіресе Фукусима, Мияги, Канагава, Тотиги, Саитама, Нагано, Сидзуока префектуралары зор шығынға батып отыр.

Елде 34 мың пәтер жарықсыз қалды, 130 мың үйде су жоқ.

Апат салдарын жоюға 11 мың адам жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар