Жапонияда ойын-сауық паркінде еден опырылып, 6 адам жарақат алды

None
None
ТОКИО. KYODO- ҚазАқпарат – Жексенбі күні Жапонияның батысындағы Хёго префектурасындағы ойын-сауық паркінде еденнің опырылуы салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында ағаштан жасалған ойын-сауық лабиринті құрылысын тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға кезінде бұл жерде жүрген 24 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел жамбастарын сындырған.

Зардап шеккен тағы төрт адам, соның арасында жеті жасар қыз жеңіл жарақаттар алған.
Ойын-сауық саябағының бейсенбіге дейін жабылатыны хабарланып отыр.
Аттракционның ені бір метр, ұзындығы 2.3 метр үшінші қабатындағы білеуінің жылжығаны салдарынан опырылғаны нақтылануда.
Саябақтағы ойын-сауық лабиринті 2013 жылдың сәуірінде ашылған. Саябақ өкілдерінің айтуынша, мұндағы қызметкерлер қауіпсіздікті күн сайын тексеріп отырады.


Соңғы жаңалықтар