Жапонияда ондаған портты қалқымалы кеуектастар массасы басып қалды

Фото: None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Токио қаласы жағалауындағы аудандар тамыз айында суасты жанартауының атқылауынан пайда болған қалқымалы кеуектастар массасының келуін күтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл материал бүгінгі күнге дейін ондаған балық аулау порттарын басып, елдің оңтүстік-батысындағы теңіз өміріне әсерін тигізіп үлгерген.

Жапонияның теңіз ортасын, жер және технологияларын зерттеу агенттігінің суперкомпьютер арқылы жасаған болжамына сәйкес, бұл жанартаудан пайда болған кеуектастар массасы Тиба мен Канагава префектураларындағы жағалауға қарашаның соңында жетеді.

Тастар Тынық мұхитындағы Огасавара аралдар тізбегіндегі Фукутоку-Оканаба жерасты жанартауынан атқыланған деп саналуда. Жанартау 13 тамызда қазіргі Жапонияда байқалып отырған жанартау атқылауларының ішінде ең ірісі болып табылады.

Кеуектастар Тынық мұхиты суларында қалқып жүрген. Қазан айының басында бұлар жанартау атқылаған жерден 1000-нан астам шақырым қашықтықта, сондай-ақ көршілес Кагосима префектурасынан байқалған.

Ал қазан айының соңында тастар Жапонияның батысындағы Коти префектурасының суларында, Окинавадан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1000 шақырым жерде қалқып жүрген.

Кеуектас Окинава мен Кагосимадағы балық аулау шаруашылығы мен туризм саласына орасан зор шығын келтірді.

Қалқымалы кеуектас балықшыларды жұмыс істеу мүмкіндігінен айырып отыр, себебі материал олардың қайықтарындағы қозғалтыштардың жұмысына кедергі келтіре алады.

Қолмен оңай уатыла алатын жұмсақ тастар қабаты суға түсетін күн сәулесін толық жауып, теңіз әлеміне де кері әсерін тигізіп отыр.

Орталық үкімет зардап шеккен балықшыларға қаржылай көмек көрсетіп, тастарды судан жарым-жартылай шығару шығындарын өтеуді жоспарлауда.


Соңғы жаңалықтар