Жапонияда нөсер жауын салдарынан 64 мың адам эвакуацияланады

None
None
ОСАКА. ҚазАқпарат – Фукуи префектурасы 15 ауданының 64 мыңнан астам тұрғыны нөсер жауын салдарынан көшкін қаупі туындап, көшуге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Mainichi басылымына сілтеме жасап.

Елдің метеорология агенттігі қысқа уақыт ішінде нөсер жаңбырдың көп түскені туралы ескерту жасады.

Мұндай мәлімдеме таңғы сағат 6:10-ға дейін Фукуи қаласының аудандарына шамамен 100 миллиметр жауын-шашын түскеннен кейін жасалды.

Эвакуациялау туралы бұйрық беру – 5 деңгейлі ескерту жүйесінде маңызы бойынша екінші ескерту.

Фукуи префектурасында 150 миллиметрге дейін жауын-шашын, Тояма және Исикава префектураларында 100 миллиметрге дейін жауын-шашын болады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар