Жапонияда нөсер жауын салдарынан 50-ден астам мәдени мұра нысаны зақымдалды

None
None
ТОКИО. Kyodo. ҚазАқпарат – Жапонияның оңтүстік-батысында нөсер жауыннан болған көшкін мен су тасқыны салдарынан 54-ден астам мәдени мұра нысаны зақымдалды. Бұл туралы сәрсенбі күні Kyodo агенттігі хабарлады.

Атап өткенде, Фукуока префектурасындағы Миике көмір шахтасы мен Нагасакидегі христиандықтың құпия тірлігі жүргізілген құрылыстарға зақым келтірілді. Бұл нысандар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бүкіләлемдік мұрасының білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша тізіміне (ЮНЕСКО) енгізілген.

Бұдан басқа, өзен суының тасуы салдарынан Кумамото префектурасында шамамен 1,2 мың жыл бұрын салынған, Жапонияның ұлттық мәдени мұра нысаны боп танылған Аой Асо синтоистік шіркеуі де зардап шекті. Қазіргі кезде сарапшылар келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, өткен аптаның соңында оңтүстік батыстағы Кюсю аралында болған нөсер жауын салдарынан кем дегенде 77 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түссіз жоғалды. Табиғаттың дүлей күші Кумамото префектурасында 64 адамның өмірін қиып кетті. Қазіргі кезде табиғи апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғастып жатыр. Оған 20 мыңнан астам сарбаз жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар