Жапонияда құрастырылған робот-қасқыр аңдарды үркітіп жатыр

None
None
ХОККАЙДО. KYODO NEWS -ҚазАқпарат –Хоккайдо орталығында көліктерге арналған қосалқы бөлшектерді өндіруші кәсіпорынның аюларды және басқа да жыртқыш аңдарды қорқытуға арналған құбыжық робот-қасқыры ел назарын аударуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Роботтың ұзындығы 1,2 метр, оны Ohta Seiki Co компаниясы жасаған. Ол 60-қа дейін түрлі дыбыстар шығара алады, қасқырдың ұлығанын және адам даусын сала алады. Робот басын жарық диодты көздерімен қозғалту арқылы жақындап келе жатқан жануарларды инфрақызыл дабыл бергішпен анықтайды.

Жапонияда шамамен 70 робот орнатылды, оның ішінде жергілікті тұрғындарды қабандар мазалайтын Окинаваның оңтүстік префектурасындағы Исигаки аралы да бар.

Қосалқы бөлшектерді өндіруші компанияның президенті Юджи Охта жыртқыш аңдардың егінге келтірген залалын бақылау қажеттілігіне байланысты мұндай роботтарға қызығушылық білдіріп отырғандығын айтты. Шет елдер де осынау құбыжық қасқырға сұраныс танытып отыр, соған орай экспортқа шығару да қолға алынбақ.


Соңғы жаңалықтар