Жапонияда коронавирс жұқтырудың кезекті рекорды тіркелді

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жапонияда сәрсенбі күні COVID-19 жұқтырудың тәуліктік жалпы саны 14000-нан асты. Бұл – алдыңғы максимумнан бірнеше күн өткен соң орнаған жаңа рекорд, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирустың таралуын болдырмауға тырысқан ел астанасында 12 шілдеден бастап пандемия бойынша төртінші төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, күнделікті коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4166 рекордтық жағдайы расталды.

Басқа он префектурада, соның ішінде көршілес Сайтама мен Чибада да осы күні жаңа рекордтар орнады.


Соңғы жаңалықтар