Жапонияда қар көшкіні құрбандарының саны 8-ге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Насу қаласындағы (Тотиги префектурасы) тау-шаңғы курортында болған қар көшкінінен кем дегенде 8 оқушы қаза болды. 

Бұл туралы құтқару қызметінің функциясын атқаратын жергілікті өрт басқармасынан хабарлады.

Олардың барлығының «жүректері мен өкпелері тоқтап қалудың алдында тұр». Жапондықтар мұны «клиникалық өлім» деп атайды және мұндай диагнозды құтқарушылар емес, дәрігерлер ғана қоя алады, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Одан бөлек, өрт басқармасының деректеріне сәйкес, қар көшкінінен тағы 37 адам зардап шегіп, ауыр жарақаттар алған тағы екеуі ауруханаға жеткізілген.

Қар көшкіні кезінде тау бөктерінде 63 адам болған. Онда Тотигидің түрлі мектептерінде оқитын жоғары сынып оқушылары болған. Олар құзға өрмелеу үйірмесіне қатысып, нұсқаушы көмегімен тауға өрмелеуді үйреніп жатқан. 

Соңғы жаңалықтар