Жапонияда қалың қар салдарынан жолаушыларға пойызда түнеуге тура келді

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстігінде түнде қалың қар жауып, салдарынан он бір жолаушыға пойызда түнеуге тура келген. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстіктегі Хоккайдо префектурасында жүрген экспресс пойыздың алты вагондарының бірінде бұғатталып қалған адамдар одан таңертең ғана шыға алған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Вагондар жылытылып, барлық қажетті көмектер көрсетілді. Таңертең барлық жолаушыларға тамақ берілді.


Соңғы жаңалықтар