Жапонияда ірі сауда орталығына кіріп кеткен аю жұртты шошытты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Жапонияның Исикава префектурасының Кага қаласындағы ірі сауда орталығына аю кіріп кетіп, ондағы қызметкерлер мен сатып алушылар шұғыл эвакуациялаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде өлшемі шамамен бір жарым метр болатын жыртқыш супермаркет және көптеген дәмханалар орналасқан ғимараттың ішінде әлі жүр.

Жабайы аңның жүрген жері іштегі бейнетаспалар арқылы қадағалануда. Ғимаратқа сондай-ақ таспасы бар дрон ұшырылды. Сауда орталығын полиция қызметкерлері қоршап алған. Жақын маңдағы үйлер мен мейрамханаларда жүрген адамдарды сақ болуға шақырды.

Аю сауда орталығының ғимаратына ол ашылмас бұрын тауарларды жеткізуге арналған артқы есіктен кіріп кеткен.


Соңғы жаңалықтар