Жапонияда автомобиль бір топ баланы қақты

None
None
ОКАЯМА. Kyodo-ҚазАқпарат – Жапонияның Окаяма префектурасында көлік тротуарға шығып кетіп, ондағы бір топ баланы қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиғаның Содзя қаласында орын алғаны атап өтіледі.

Полиция мәліметінше, келеңсіз жағдай салдарынан кем дегенде төрт бала зардап шеккен. Олардың арасында ауыр халде ауруханаға жеткізілгендері бар.

Айта кетсек, 2019 жылдың 18 желтоқсанында Кавасаки қаласы ауданындағы тоннельде арасында автобус бар ондаған көлік құралдарының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 22-сі жарақат алған болатын.


Соңғы жаңалықтар