Жапонияда әлем чемпионы титулдары үшін жекпе-жек өткізілмейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапон боксшысы Кадзуто Иоки (27-2, 15 КО) мен филиппиндік Джервин Анкаджас (33-1-2, 22 КО) арасындағы жекпе-жек өткізілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Иоки мен Анкаджас арасындағы айқас Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсан күні Токиода өтуі тиіс еді. Алайда коронавирустың омикрон штаммының таралуына байланысты Жапонияға шетелдік азаматтардың кіруіне тыйым салынғандықтан, жекпе-жек болмайды. Бұл жекпе-жекте WBO және IBF нұсқалары бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағы бәске тігілуі тиіс болатын: WBO белбеуін Йока, ал IBF белбеуін Анкаджас иеленеді.

Айта кетейік, бұған дейін Жапония үкіметі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапон спортшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегін өткізуге рұқсат бермеген болатын. Олар 29 желтоқсанда Сайтамада жұдырықтасуы керек еді.
Соңғы жаңалықтар