+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Жапония тұрғыны қытай туристерінен коронавирус жұқтырған

2020 жылғы 28 қаңтар 17:43
Бөлісіңіз:
Жапония тұрғыны қытай туристерінен коронавирус жұқтырған

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония үкіметі сейсенбі күні қытайлық жаңа коронавирусты жұқтырған тағы екі адамның анықталғанын мәлімдеді. Оның бірі - Ухан қаласына ешқашан бармаған туристік автобустың жүргізушісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдағы Қазақстан дипломаттарының отбасылары эвакуацияланды - министр Сағынтаев коронавирус туралы: Бетпердеге қосымша тапсырыс беруге тура келді Таяу күндері лайнердегі Қазақстан азаматтары елге жеткізіледі  - Мұхтар Тілеуберді

Жапония денсаулық сақтау министрі Катсунобу Катоның айтуынша, айдың басында 60 жастағы туристік автобус жүргізушісі Уханнан келген бір топ туристерді алып жүрген.

Батыс Жапонияның Нара прекфектурасында тұратын жүргізушіге сенбі күні пневмония деген диагноз қойылып, емханаға жатқызылды.

Екінші азамат - 40 жастағы Ухан тұрғыны. Ол 20 қаңтарда Жапонияға келген. Ол да өкпе ауруына шалдыққан.

Осылайша, Жапонияда инфекция жұқтырғандар саны алты адамға жетті, оның біреуі Ухан қаласына бармаған.

Министрлік екі жаңа науқаспен байланыста болған адамдардың денсаулығын тексеріп жатқанын мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Оқиға, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT