Жапония Олимпиада комитеті 2030 жылғы қысқы ойындарды Саппорода өткізуге шешім қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияның Олимпиада комитеті сәрсенбі күні 2030 жылғы қысқы ойындарды өткізуге берілген елдің солтүстігіндегі Саппоро қаласының өтінішін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Енді бұл мәселе Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) келісілетін болады.

Саппоро әуеліде 2026 жылғы Ойындарды өткізуге үміткер болған, бірақ жер сілкінісінен кейін екі жыл бұрын бұл шешім күшін жойды. ХОК президенті Томас Бах бұдан бұрын Саппороны 2030 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде оң бағасын берген еді. Сонымен қатар, Саппоро биыл Жазғы ойындардың жүгіру марафонын қабылдайды. Өйткені онда ауа райы Токиомен салыстырғанда салқындау.

Айта кеткен жөн, Саппоро қаласы 1972 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізген.


Соңғы жаңалықтар