Жапония корнавируспен күреске 265 млрд доллар бөлмек

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат –Жапония үкіметі коронавирустың ел экономикасына әсерін жеңілдету бағытындағы кешенді шараларға 30 триллион иен (265 миллиард доллар) жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Дерекөздердің айтуынша, ынталандыру пакеті 18 жасқа толмаған барлық балаларға арналған 100 000 иен қолма-қол ақшаны және ішкі туризмді дамыту үшін Go To Travel субсидиялау бағдарламасын жаңартуды қамтиды.

Премьер-министр Фумио Кишида бұған дейін пакеттің мөлшері «бірнеше ондаған триллион иенді» құрайтынын мәлімдеген еді.

Үкімет бұл шараларға 2020 фискалдық бюджеттен қалған қаражатты жаратпақ. Сондай-ақ кез келген тапшылықты жабу үшін жаңа облигациялар шығаруды жоспарлап отыр.

Олардың айтуынша, үкімет сәйкесінше келесі жылдың наурызына дейін ағымдағы қаржы жылына арналған қосымша бюджетті әзірлеп, оны желтоқсанның соңына қарай бекіту үшін парламентке ұсынады.

Сонымен бірге пакеттің бір бөлігі бір уақытта жасалатын 2022 қаржы жылының бастапқы бюджетімен жабылады.


Соңғы жаңалықтар