Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін

ТОКИО. Kyodo News – Коронавирусқа байланысты Жапонияға кіруге тыйым салынған спортшылар үшін төтенше жағдай тоқтатылған соң, яғни наурызда елге келуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Вирустың таралуына жол бермеу үшін жарияланған төтенше жағдай 7 наурызда тоқтатылуы тиіс.
Мәселенің екіұшты екенін есепке алған ел үкіметі шетелдік спортшыларға арнайы кіру рұқсатын беріп, оларды Жапонияға келген соң екі апталық карантинге орналастыруға мәжбүрлейтін талаптарды жеңілдетуі мүмкін.
Дегенмен, спортшыларға қонақүйлерінің сыртында және жарыстар өткізу орындарында қауіпті әрекеттерден бас тарту ұсынылып, қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салынады.
Токиодағы Олимпиада ойындары биылғы жылдың 23 шілдесінде ашылуы тиіс.
- Юсуп Батырмұрзаев күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды
- Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің чемпионы атанды
- Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» «Атырауды» ірі есеппен жеңді
-
Футболдан Премьер-лига ойындары: «Қайрат» пен «Тобыл» жеңіске жетті
-
Коронавирус: Қытайда ғимараттардың сырты үш түрлі түспен белгілене бастады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам