Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы шахматшының өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Алақай! Мен – халықаралық гроссмейтермін!», - деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Отандасымыз 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақтық кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін осындай атаққа ие болып отыр. Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан Динара Сәдуақасова да қатысып жатыр.

Еске салсақ, Жансая Әбдімәлік 2020 жылдың қорытындысы бойынша шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атанған еді.

Сондай-ақ, ол былтыр FIDE Online Steinitz Memorial жарысында 2-орынға көтерілген болатын.


Соңғы жаңалықтар