Жанна Пірәлиева елордалықтарға: Індеттен келетін шығынды азайтуға көмектесіңіздер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордалықтарды коронавирус індетінен аз шығынмен шығуға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда елімізде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Еуропа елдерінде де карантин шаралары күшейтілуде. Кейбір қалаларда коменданттық сағат енгізілді. Кино және спорт залдар, театрлар қайтадан жабылып жатыр. Қоғамдық тамақтану нысандары сағат 18-00-ге дейінгі жұмыс режиміне көшуде. 25 қазанда АҚШ-та коронавирустың тәуліктік рекордтық өсімі тіркелді. 24 сағаттың ішінде 83 753 жұқтыру оқиғасы анықталды. Көрші Ресейде коронавирус инфекциясын тіркеудің өсуі байқалады. Елде масканы міндетті түрде жаппай кию талабы да күшейтілді», - деді ол.

Осы ретте 2020 жылдың маусым-тамыз айларында Қазақстанда коронавирус инфекциясының күрт артқанын да еске салып өтті.

«Бүгінгі таңда елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды барлық күшімізбен сақтап қалуға тырысамыз. Сіздерден елді қорғап, әлемде орын алған жағдайдан аз шығынмен шығуға көмектесуіңізді сұраймыз», - деді Жанна Пірәлиева.


Соңғы жаңалықтар