Жанкүйерлер Димашты Қазан әуежайында қошеметпен қарсы алды

ҚАЗАН. Татар-информ - ҚазАқпарат – Осы уақытта Татарстан астанасы Қазанда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Татар-информ агенттігінің жазуынша, Қазан әуежайында Димашты ондаған жанкүйер, тіпті еңбек ардагері қарсы алып, оның қолын алды.
Қазақстандық әртіс Татарстанға ата-анасы Светлана және Қанат Айтбаевтармен бірге келді. Жанкүйерлер оларға да үлкен қошемет көрсетті.
Фанаттар кездесуге үлкен дайындықпен келген, олардың қолдарында үлкен бәліш, гүлдер, сыйлықтар болды. Сыйлықтардың арасында башқұрт халқының музыкалық аспабы құрай да бар. Олар қара көзілдірік киген әншіні көре сала есімін дауыстап айғайлап: «Татарстанда сізді қатты тостық. Кезекті рет. Сізді қатты жақсы көреміз», - деп жатты. Д.Құдайберген болса, өзіне тән қарапайымдылықпен жылы қабылдаулары үшін алғысын білдірді.
«Димаш әсіресе ардагерге ерекше көңіл аударып, онымен қол алысты. Фотоға түсу барысында ілтипат білдіріп, қара көзілдірігін шешті. Айта кетейік, қарсы алушылар арасында Татарстанның ғана тұрғындары болған жоқ. Олармен бірге Канада, Финляндия және Қазақстаннан «туған» фанаттар болды», - делінген агенттік ақпаратында.
«Бүгін біз Татарстанға келдік. «Арнау» атты кезекті жеке концертім санаулы минуттардан кейін басталады», - деп жазған болатын Димаш Instagram-парақшасында.
Концерт «Татнефть Арена» спорт сарайында Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталды.
Айта кетейік, Қазан қаласы Д.Құдайбергеннің «Arnau» атты әлемдік гастроліндегі екінші қала. 16 ақпан күні ол Краснодарда концерт берген болатын. Бүгінгі шоудан кейін әнші Екатеринбургке, одан әрі Латвия, Украина, Германия, Чехияға аттанады. Турненің соңғы нүктесі сәуір айында Минск болмақ.
- Ресейде таудағы шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды
- Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова
- ХҚО ақпараттық жүйесі кідіріспен жұмыс істеп тұр
- Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды
-
Көлік полицейлері жолаушылардың мазасын алған жүргізушілерді жауапқа тартып жатыр
-
«Астана Балет» сахнасында Мариин театрының солистері өнер көрсетеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам