Жанкент ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізіледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағындағы Жанкент қалашығы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова Қазалы ауданының әкімдігінде Қызылорда облысы бойынша тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары кеңесінде айтты.

Жанкент республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш болып табылады. Ол Қазалы ауданы аумағындағы Өркендеу ауылдық округінің орталығына іргелес жатыр. Тарихшылардың айтуынша, көне шаһар VІІ-ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент қаласы деген атаумен өмір сүрген.

Түрікмен тарихшысы Абұлғазы Баһадүр Жанкенттің жүздеген жыл оғыз еліне астана болып келгенін айтады. Оғыздар сол аумақты ерте заманнан мекендеген. Ел билеген патшалары астана есаналған Жанкентте өмір сүрген. Аталмыш шаһар Сыр өзенінің сол жақ бетінде орын тепкен,. Ол аудан орталығы - Әйтеке би кентінен 15-20 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ, қазақ халқының өмірінде маңызды саналатын Сығанақ қалашығы да ЮНЕСКО-ның қорғауына алынатын мәдени мұралар тізіміне енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, былтыр қараша айында «Қорқыт ата» мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енген болатын.

Соңғы жаңалықтар