+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Жандарбек Бекшин Қытайдан келген азаматтардан емханаға баруды өтінді

2020 жылғы 28 қаңтар 17:04
Бөлісіңіз:
Жандарбек Бекшин Қытайдан келген азаматтардан емханаға баруды өтінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда адамдардың дене қызуының көтерілуі жиілеп кетті. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Даниал Ахметов Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарын сабырға шақырды Қытайдағы Қазақстан дипломаттарының отбасылары эвакуацияланды - министр Сағынтаев коронавирус туралы: Бетпердеге қосымша тапсырыс беруге тура келді

«Біз 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген барлық шетелдікпен және азаматтарымызбен байланыс орнаттық. Олармен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және жергілікті медицина қызметкерлері тікелей хабарласып отыр. Барлығынан емханаларға баруларын сұраймыз. Ауру адамдар, әсіресе дене қызуы бар адамдар біздің мамандардың көмегіне жүгінуі және есепке тұрулары керек. Олар 14 күні бойы күнделікті медициналық бақылауда болады», -деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде коронавирусқа байланысты емес адамдардың дене қызуының көтерілуі жиілеп отыр.

«Бұл жыл сайын болатын маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңімен тұспа-тұс келіп тұр. Осы аурулардың алғашқы белгілері бірдей болады. Сондықтан ең алдымен коронавирустың алдын алу үшін, халыққа түсіндіру үшін журналистер мен блогерлерден алдын алу шараларын шатастырмауды, жауапкершілік сақтауды сұраймын», - деді бас санитарлық дәрігер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT