Жандарбек Бекшин Алматының «қызыл» аймаққа кіру себебін түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлады, күніне 125-132 жағдай тіркеліп жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, пандемия басталғалы бері Алматы қаласында коронавирус инфекциясын 21547 адам жұқтырды. 1662 алматылықтан коронавирус пневмониясы анықталды.
«Қаңтар айының 26 күнінде 3026 КВИ және 237 пневмония жағдайы тіркелді. Алматы қаласының қызыл аймаққа көшуін келесідей түсіндіреміз, кез келген жұқпалы аурудың эпидемиологиялық процесі толқын тәрізді ағымға ие (өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі) - COVID-19 эпидемиясы да осы заңдылыққа бағынады: Алматыда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бастап наурыз – сәуір айларында алғашқы толқын басталды (82 және 969 жағдай), шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп толқынның шыңына жетті, қыркүйек айында 165 жағдайға дейін төмендеді. Қазан айынан бастап (366 жағдай) аурудың өсуі басталды (екінші толқын), қазіргі уақытта сол жалғасуда»,- дейді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол 31 желтоқасаннан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп жатқанын айтты.
«Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлады, күніне 125-132 жағдай тіркеліп жатыр. КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында қоғамдық орындарда науқастардың 40%-ы, қоғамдық көлікте науқастардың 20% - ы, сондай-ақ ауырғандардың отбасылардың 28% - ы жұқтырғаны анықталды. Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шараларда (той және отбасылық іс-шаралар ж.т.б.) сондай-ақ кинотеатрлар мен театрларға барған кезде жұқтырған жағдайларда тіркелді»,- дейді ол.
КВИ жоғары аурушаңдығы 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 35% деңгейінде, 40-59 жас аралығында 27-28% деңгейінде тіркелуде, бұл сауда объектілеріне (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар) мен қоғамдық тамақтану орындарына бару және қоғамдық көлікті пайдаланумен байланысты.
«Алматы қаласының департаменті әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Біз қызыл аймаққа сәйкес шектеу шараларын енгізу бойынша ҚР БМСД қаулысын міндетті түрде іске асыру шеңберінде жұмыс істейміз»,- деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Еске салсақ, 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
- Алматы қоймасынан 90 млн теңгеге есептелген жарамсыз медициналық костюмдер табылды
- «Ashyq» қосымшасы: 230-дан астам алматылықтан «қызыл» статус анықталды
- Қызылорда облысында жыл басынан 1,4 мың адам коронавирус жұқтырды
- Алматыда караоке мен банкет залдары жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін
-
Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан науқасты аман алып қалды
-
Балаға дәруменді дәрігер тағайындауы керек – маман
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам