Жаңбыр жауса, үйлері судың астында қалатын Алматы тұрғындарының мәселесі қалай шешілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева қалалық қоғамдық кеңестің отырысында ауданда жауын жауса, судың астында қалатын үйлердің мәселесін қалай шешетіндерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің Жетісу ауданында үйлерді су басу проблемасы бар. Бұл әсіресе жұмысшы ауылына қатысты. Біз жаңбыр жауаған сайын осы проблемаға тап боламыз. Бұл мәселені кешенді түрде шешеміз. Биыл төрт шақырым арық желісі жөнделеді. Байқау өтті. Мердігер анықталды. Жұмыс басталды», - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, жасыл қорды көбейту үшін ауданда 20 мың ағаш отырғызылады.

Сонымен қатар, биыл ауданда ұзындығы 18 шақырым болатын 10 көше жаңартылады. 8 шақырымнан астам кәріз желісі төселеді, 29,3 шақырым электр және сумен жабдықтау желілері қайта қалпына келтіріледі.


Соңғы жаңалықтар