Жаңбыр немесе бұршақ, күшті жел мен дауыл - сәрсенбідегі ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 мамырда Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал, еліміздің солтүстік жартысында, орталықта және шығыста кей жерлерде нөсер жауып, дауыл соғуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-батысында күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстіктің кей жеріне шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, облыстарында кей жерлерде дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал.

Қостанай, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 16 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар