+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Жаңбыр, қар: 27 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 27 қыркүйек 02:14
Бөлісіңіз:
Жаңбыр, қар: 27 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың барлық аумағында күшті жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстікте, батыста найзағай болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
17 қазан күнгі ауа райы болжамы Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Жел, тұман, жаңбыр: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, таулы аудандарда екпіні 25 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі, 15-20 м/с екпіндегі желдің жылдамдығы 23 м/с артады. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болжанады. Күндіз оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысында таңертең және күндіз жел 17-22 м/с артады. Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының күндіз оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел күшейеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT