Жаңбыр, бұршақ, жел – сенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар