Жанартаудан аққан лава Пальма аралының 420 гектар аумағын басып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пальма аралындағы жанартау кратерінің солтүстік бөлігінің құлауынан пайда болған жаңа лава ағындары өздерімен бірге тау жыныстарын ағызуда. Бұл туралы жексенбіде EFE агенттігі Испанияның геология және минералды ресурстарды барлау институтының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетсек, 19 қыркүйекте Эль Пасо елді мекені аумағында Пальма жанартауы оянған еді. Атқылаған лава ағындары 1000-ға жуық ғимаратты қиратып, мұхитқа жетті. Бұл атмосфераға зиянды газдардың шығуына соқтырды.

Қазір лава 420 гектардан астам аумақты басып қалды. Қауіпсіздік мақсатында аралдан 6 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.


Соңғы жаңалықтар