Жаңаөзенде «Жұмыс жасаймын» жобасы іске асырылуда

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында «Жұмыс жасаймын» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл 1 сәуірден Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтарды «Жұмыс жасаймын» жобасы арқылы жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыссыздар кезегінде 76 адам тұр. Олардың ішінен 28 адамды «СтройПластАктау» ЖШС мекемесі, 48 адамды «Korkem Alem» ЖШС мекемесі жұмысқа қабылдайды. Алдағы уақытта жұмысшылар санын 500 адамға жеткізу күтілуде»- дейді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұртаза Мынбаева.

Бұдан бөлек, Рахат ауылында сиымдылығы 300 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарында 85 адам, Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысында 85 адам жұмыс істеп жатыр.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше мұндай шаралар жүзегеасыру арқылы қаладағы жұмыссыздық мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар