Jańalyqtar
Жаңаөзенде үш жігіт көліктің артына жабысып алып сырғанады
2020 жылғы 5 желтоқсан 00:16
Бөлісіңіз:
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде үш жігіттің көліктің артына жабысып алып, сырғанағаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көктайғақта көлікке жабысып, сырғанаған жастардың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Бұл жағдай бойынша Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының инспекторлары шара қолданды.
«Полицейлер Газель көлігін анықтап, жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабы 7-бөлімі, 593-бабы 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырды» деп мәлім етті полициядан.
Көлік айыптұраққа қойылды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жамбылдық полицей әйелді көлігімен қағып, мерт қылды
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
-
Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ
-
Мадридте алапат жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER