Жаңаөзенде су кесте бойынша беріле бастады

None
None
Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Биылғы 18 сәуірден бастап, қыркүйек айына дейін Жаңаөзен қаласында ауыз су кестеге сәйкес беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ӨзенИнвест» МКК мәліметіне қарағанда, қалада ауыз су тапшылығы бар. Мұндай келеңсіз ахуал суға сұраныс күрт өсетін көктем мен жаз айларында байқалады. Ал оны үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ.

«Бұл мәселе 2024 жылы ғана шешілуі тиіс. Себебі, сол жылы тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту қондырғысы салынады деп жоспарлануда», - деген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар